Бүгін ауданымызда білім беру ұйымдарының педагог-тәлімгерлеріне арналған «Тағылымды тәлімгер жас маманның айнасы» атты семинар ұйымдастырылды. Семинардың басты мақсаты – жас мамандармен жұмыс істеуде тәлімгерлердің педагогикалық шеберлігін, коучингтік құзыреттілігін арттыру және заманауи коучинг құралдарын тәлімгерлік жұмыстануда тәжірибеге енгізу. Шара “2025-2029 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасы” және Батыс Қазақстан облысындағы “Білім берудегі тәлімгерлік” жобасы аясында жүргізілді.
Оң көңіл-күймен басталған семинар әрі қарай мазмұнды сессияларға ұласты.
Семинардың практикалық бөлімінде қатысушы педагогтер жоғарыда аталған коучингтік техникалармен танысып, жұптық, топтық жұмыстар жасау арқылы тәжірибе алмасты.
Тәлімгерлер «Ой-талқы» алаңында жас мамандардың кәсіби кедергілерін анықтау және оларды шешу жолдарын қызу талқылап, ортаға салды.
Заманауи тәлімгер – тек бағыт беруші емес, ол жас маманның әлеуетін ашатын стратегиялық серіктес. Бүгінгі семинар осы бағыттағы жұмыстарға жаңа серпін берді!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/1177905?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ