Амангелді негізгі орта мектебінің директоры қызметіне Бисенгалиева Айкерим Кенесовна тағайындалды.
Айкерим Кенесқызы 1982 жылы 15 қазанда Ақжайық ауданы, Қурайлысай ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Талап орта мектебін бітіріп, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін 2003 жылы аяқтаған.
Еңбек жолын 2003 жылдан бастап Амангелді негізгі орта мектебінде биология пәні мұғалімі ретінде бастап, кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 2017–2018 оқу жылынан бері оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін нәтижелі атқарып келді.
Биология пәнінен педагог-зерттеуші, басшы орынбасарының ІІІ санатты біліктілік санаты бар.
Көпжылдық тәжірибесі мен басқарушылық қабілеті мектептің алдағы дамуына тың серпін береді деп сенім білдіреміз.
Жаңа қызметіңіз құтты болсын! Іске сәт, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/1177904?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ