2026 жылғы 12 ақпанда «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасын қамтамасыз етудегі нормативті талаптардың өзектілігі» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасын қамтамасыз етудегі нормативтік талаптардың маңыздылығын айқындау, оларды жүзеге асыру бойынша әдістемелік қолдау көрсету және педагогтер арасында тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Семинарға мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері, әдіскерлер және мобильді топ мүшелері қатысты. Қатысушыларға мектепке дейінгі білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге түсіндірме беріліп, сапаны қамтамасыз ету тетіктері, ішкі бақылау мен мониторинг жүргізу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар білім беру процесін ұйымдастыруда құжаттаманы талапқа сай рәсімдеу мәселелері талқыланды.
Семинардың негізгі бағыттарының бірі – 2027 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау тәртібі туралы ақпарат беру. Осыған байланысты қатысушыларға лицензиялау талаптары, кезеңдері және құжаттарды дайындау алгоритмі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Лицензиялау үдерісі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызмет сапасын арттыруға, нормативтік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге және ата-аналар алдындағы жауапкершілігін күшейтуге бағытталғаны атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/1177908?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ