
«Бала тілі – бал – 2025!» облыстық байқауы
2025 жылдың 27 наурыз күні бүлдіршіндер арасында облыстық «Бала тілі – бал!» байқауын өткізілді. Бұл шараға облыс аудандарынан және Орал қаласы бойынша 4-5 жас аралығындағы мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері қатысты.
«Бала тілі – бал!» байқауының мақсаты қазақ тобында тәрбиеленетін бүлдіршіндердің қазақ тілінде өлең оқу, санамақ айту, суреттерге қарап әңгіме құрастыру арқылы тілдерін дамыту, ынталандыру, талантты балдырғандарды анықтау.
Байқау 4 кезең бойынша оздырылды:
- Үй тапсырмасы: «Біз бақытты баламыз». Байқауға қатысушы бүлдіршін өзін мемлекеттік тілде өлең немесе проза түрінде таныстыру;
- «Жырлаймын Отанымды» – Отан туралы өлеңді мәнерлеп оқу;
- «Кел, санайық санамақ!» – санамақ айту;
- «Ертегілер еліне саяхат» – Қазақ ертегілерінен үзінді көрсету. Тәрбиешісімен бірге ертегі кейіпкерлерін сомдау;
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі местодарға:
1-орын – Қаратөбе ауданы «Жазира» бөбекжайының тәрбиеленушісі Сәкен Ханшайым (воспитатель: А.Н.Шаколова);
2-орын – Бөрлі ауданы, «Ақсай қаласының №4 «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиеленушісі Қайыржан Жомарт (воспитатель Б.У.Маженова);
2-орын – Орал қаласы №37 «Жұлдыз-ай» бөбекжайының тәрбиеленушісі Марат Медина (воспитатель Г.У.Ниязова);
3-орын – Ақжайық ауданы «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиеленушісі Қайрат Абдінұр (воспитатель А.Т.Наурызбаева);
3-орын – Орал қаласы № 48 «Мұрагер» бөбекжайының тәрбиеленушісі Тулеген Аяна (воспитатель А.Т.Жексенгалиева);
3-орын – Орал қаласы №7 «Айналайын» бөбекжайының тәрбиеленушісі Ерболатқызы Айлин (воспитатель А.Ж.Каменова) иеленді.
Жүлделі место иегерлері дәрежелі дипломдар мен велосипед, қалған қатысушылар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-madeniet/press/news/details/969220?lang=kk
Добавить комментарий