Жайықтың Ақ шағаласы, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жылдық мерейтойына арналған «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН» атты облыстық жас мұғалімдер арасындағы көркем сөз оқу шеберлері байқауы

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жайықтың Ақ шағаласы, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жылдық мерейтойына арналған «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН» атты облыстық жас мұғалімдер арасындағы көркем сөз оқу шеберлері байқауы

 

   2024 жылдың 15 қараша күні «Мен жастарға сенемін» облыстық жас мұғалімдер арасындағы көркем сөз оқу шеберлері байқауы өткізілді.

         Байқаудың мақсаты – ақын Ақұштап Бақтыгереева поэзиясын насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, халықтың тіл қазынасын меңгерту, тілді өткір құрал ретінде ұстарта білу, сөйлеудегі, жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, айқын ойлылық, ізеттілік сынды құндылықтарды тіл арқылы дәріптеуге үлес қосып жүрген азаматтық қоғамдағы белсенді жас мамандарды ынталандыру.

         Байқаудың ережесіне сай аталмыш сайысқа 20-35 жас аралығындағы облыстың мұғалімдер қатысты.

         Көркемсөз оқу шеберлері байқауына қатысушылар Ақұштап Бақтыгерееваның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.

         Байқау қорытындысы бойынша:

         Бас жүлде – Орал қаласы, №50 ЖОББМ-ның мұғалімі Абай Индира;

         1-орын – Ақжайық ауданы, Сайқұдық ауылындағы Ж.Молдағалиев ат. ЖОББМ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сайын Айдархан;

         2-орын – Тасқала ауданы, Амангелді ауылы, «Амангелді мектеп-бөбекжай-баладақша» кешенінің» тәлімгері Ихсанова Ару және Орал қаласы, №41 мектеп-лицейінің мұғалімі Асанбаева Нұргүл;

         3-орын – Орал қаласы, №37 ЖОББМ-ның мұғалімі Жақсыбаева Жазира, Орал қаласының №33 ЖОББМ-ның қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Камалова Сымбат және Бәйтерек ауданы Володар ЖОББМ-ның мұғалімі Муратова Гаухар иеленді.

         Барлық қатысушыға бағалы сыйлықтар, естелік кәдесый берілді.

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-madeniet/press/news/details/969180?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *