«Бала тілі – бал – 2025!» облыстық байқауы

Опубликовано:

Автор:

в категории

 «Бала тілі – бал – 2025!» облыстық байқауы

2025 жылдың 27 наурыз күні бүлдіршіндер арасында облыстық «Бала тілі – бал!» байқауын өткізілді. Бұл шараға облыс аудандарынан  және Орал қаласы бойынша 4-5 жас аралығындағы мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері  қатысты.

«Бала тілі – бал!»  байқауының мақсаты қазақ тобында тәрбиеленетін бүлдіршіндердің қазақ тілінде өлең оқу, санамақ айту, суреттерге қарап әңгіме құрастыру арқылы тілдерін дамыту, ынталандыру, талантты балдырғандарды анықтау.

Байқау 4 кезең бойынша оздырылды:

  1. Үй тапсырмасы: «Біз бақытты баламыз». Байқауға қатысушы бүлдіршін өзін мемлекеттік тілде өлең немесе проза түрінде таныстыру;
  2. «Жырлаймын Отанымды» – Отан туралы өлеңді  мәнерлеп оқу;
  3. «Кел, санайық санамақ!» – санамақ айту;
  4. «Ертегілер еліне саяхат» – Қазақ ертегілерінен үзінді көрсету. Тәрбиешісімен бірге ертегі кейіпкерлерін сомдау;

            Байқау қорытындысы бойынша жүлделі местодарға:

            1-орын – Қаратөбе ауданы «Жазира» бөбекжайының тәрбиеленушісі Сәкен Ханшайым (воспитатель: А.Н.Шаколова);

            2-орын – Бөрлі ауданы, «Ақсай  қаласының №4 «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиеленушісі Қайыржан Жомарт (воспитатель Б.У.Маженова);

            2-орын –  Орал қаласы №37 «Жұлдыз-ай» бөбекжайының тәрбиеленушісі Марат Медина (воспитатель Г.У.Ниязова);

            3-орын – Ақжайық ауданы  «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиеленушісі Қайрат Абдінұр (воспитатель А.Т.Наурызбаева);

            3-орын – Орал қаласы  № 48 «Мұрагер» бөбекжайының тәрбиеленушісі Тулеген Аяна (воспитатель А.Т.Жексенгалиева);

            3-орын – Орал қаласы №7 «Айналайын» бөбекжайының тәрбиеленушісі Ерболатқызы Айлин (воспитатель А.Ж.Каменова) иеленді.

            Жүлделі место иегерлері дәрежелі дипломдар мен велосипед, қалған қатысушылар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-madeniet/press/news/details/969220?lang=kk

Exit mobile version