КЕЛЕС: БҮЛДІРШІНДЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
КЕЛЕС: БҮЛДІРШІНДЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАДЫ
✔️Келес ауданындағы №3 «Көркем» балабақшасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай “Қош келдің, әз Наурыз!” атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
✔️Іс-шараға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев, аудандық білім бөлімінің басшысы Рахат Жайлаубай, балабақша ұжымы, ата-аналар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
✔️Шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрімізді жаңғырту және жас ұрпақтың бойына қазақы тәрбиені сіңіру болды.
✔️Балабақша тәрбиеленушілері ұлттық киімде ән айтып, би билеп, көріністер қойып, келген қонақтарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, қазақтың бай мәдени мұрасы дәріптеліп, түрлі ұлттық ойындар ойнатылды.
✔️Шара соңында қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, бүлдіршіндердің өнеріне ризашылықтарын білдірді. Осындай тәрбиелік маңызы зор шаралар жас ұрпақтың ұлттық рухта қалыптасуына оң ықпал етері сөзсіз.
🔗 Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981528?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *