Келес ауданындағы №3 «Көркем» балабақшасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай “Қош келдің, әз Наурыз!” атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев, аудандық білім бөлімінің басшысы Рахат Жайлаубай, балабақша ұжымы, ата-аналар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрімізді жаңғырту және жас ұрпақтың бойына қазақы тәрбиені сіңіру болды.
Балабақша тәрбиеленушілері ұлттық киімде ән айтып, би билеп, көріністер қойып, келген қонақтарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, қазақтың бай мәдени мұрасы дәріптеліп, түрлі ұлттық ойындар ойнатылды.
Шара соңында қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, бүлдіршіндердің өнеріне ризашылықтарын білдірді. Осындай тәрбиелік маңызы зор шаралар жас ұрпақтың ұлттық рухта қалыптасуына оң ықпал етері сөзсіз.
Добавить комментарий Отменить ответ