
КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ДЕПУТАТТАРҒА ТАЛАП-ТІЛЕГІН ЖЕТКІЗДІ
Түркістан облысы мәслихатының депутаттары Басымбек Бахыт, Жаңабай Ағабеков Келес ауданының тұрғындарымен кездесіп, халықтың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Кездесуге облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, облыс мәслихатының депутаты Алмас Салимов, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Сариев және аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері мен орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары, тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиында облыс мәслихатының депутаты Басымбек Бахыт Келес ауданына бөлініп жатқан облыстық, республикалық бюджетпен, өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Есепте тұрғындар ауданда су қашыртқыларының толуы салдарынан егістік жерлер тұзданып жатқандығын айтты. Тиісінше аудан әкімдігі сәуір айында су қашыртқыларына тазалау жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді. Аталған мәселені депутаттар бақылауға алды.
Сонымен қатар жиында Мұрагер мектебіндегі 56 мұғалімнің айлық мәселесі айтылды. Депутат Алмас Салимов мамыр айында дейін білім ордасы қызметкерлерінің еңбекақылары толық берілетінін айтты.
Тұрғындар тарапынан жаңа мәдениет үйін салу, мектеп салу, елдімекендердің ішкі жолдарына күрделі жөндеу жүргізу мәселелері де айтылды. Кездесу соңында халықтың талап тілегі бойынша аудан әкімдігіне тиісті ұсыныстар беріліп, хаттамасы түзілді және орындалуы депутаттар тарапынан бақылауға алынды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981529?lang=kk
Добавить комментарий