Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев әлем чемпионатының жүлдегерін қабылдады

Опубликовано:

Автор:

в категории
Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев Әзербайжан Республикасының Баку қаласында өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғаған жерлесіміз Рысбай Әділет Тұрғалиұлын және оның жаттықтырушысы Мұхан Уәлиханұлын жеке қабылдады.
Әлем чемпионатында 71 келі салмақ дәрежесінде белдескен Рысбай Әділет қола жүлде үшін өткен тартысты кездесуде Түрікменстан өкілі Мекан Худайбереновті 6:4 есебімен жеңіп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.
Кездесу барысында аудан әкімі Арман Романұлы демеушілер есебінен спортшы мен бапкерді жарқын жеңістерімен құттықтап, алғыс хатпен және қаржылай сыйлықтармен марапаттады. Бұл жетістік – қажырлы еңбек пен табанды дайындықтың нәтижесі екенін атап өтті. Сондай-ақ, жас спортшының халықаралық аренадағы жеңісі аудан жастарына үлгі болып, спортты дамытуға серпін беретінін жеткізді.
Өз кезегінде Рысбай Әділет пен жаттықтырушысы Мұхан Уәлиханұлы көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да ел сенімін ақтап, бұдан да биік белестерді бағындыруға күш салатындарын айтты.
Кездесу соңында аудан әкімі спортшы мен жаттықтырушыға алғыс айтып, алдағы жарыстарда толағай табыстар мен жаңа жеңістер тіледі.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1290504?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version