🏥 Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «№7 Қалалық клиникалық аурухана» КМК-да жұмыс кеңесі өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

🏥 Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «№7 Қалалық клиникалық аурухана» КМК-да жұмыс кеңесі өтті

📅 2026 жылғы 7 шілдеде МӘС №1 бөлімі жалпы практика дәрігерлері мен бейінді мамандардың қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңестің негізгі мақсаты – емдеу-профилактикалық ұйымдар мен медициналық-әлеуметтік сараптама қызметі арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру.

📊 2026 жылдың 6 айындағы жұмыс қорытындылары шығарылды:
▪️ жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтар арасында алғаш рет мүгедектікке шығу көрсеткіштері;
▪️ ішінара және толық оңалту нәтижелері;
▪️ денсаулық жағдайының ауырлау көрсеткіштері;
▪️ медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдау жағдайлары талқыланды.

📝 031/у нысанындағы «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды» құжатын рәсімдеу сапасына ерекше назар аударылды:
✔️ құжаттарды толтыру кезінде жиі жіберілетін қателіктер қарастырылды;
✔️ сырттай-проактивті куәландыру барысында анықталған кемшіліктер талқыланды;
✔️ функционалдық бұзылыстарға сәйкес оңалтудың жеке бағдарламасын сапалы әзірлеудің маңыздылығы түсіндірілді.

💻 Сонымен қатар Алматы қаласында мемлекеттік қызметті – «Мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және (немесе) әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын айқындау» қызметін көрсетуде көзбе-көз қабылдау кезінде электрондық кезек пилоттық жобасын енгізу мәселелері қарастырылып, оны қалыптастыру тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді.

👁️ Көру ағзасы аурулары бойынша мәселелерге ерекше көңіл бөлінді.

Пациенттерді МӘС-ке жолдау кезінде зерттеу құжаттарының толық ұсынылмауы жиі кездесетіні атап өтілді. Атап айтқанда:
🔹 электрофизиологиялық зерттеу;
🔹 бағдарлық көру өткірлігін анықтау;
🔹 статикалық және кинетикалық периметрия нәтижелері жеткіліксіз ұсынылады.

⚠️ Аталған зерттеулер көру қызметінің бұзылу дәрежесін объективті бағалауға, мүгедектік тобын дұрыс белгілеуге және қажетті техникалық оңалту құралдарын уақытылы айқындауға мүмкіндік береді.

📖 Кеңес барысында тифлотехникалық құралдармен, оның ішінде оқитын машинамен қамтамасыз ету тәртібі де жан-жақты түсіндірілді.

Бұл құрылғы көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған және:
✅ баспа мәтіндерін дауыстап оқуға;
✅ қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерді тануға;
✅ көпбеттік құжаттарды сканерлеуге;
✅ ақпаратты ішкі жадыда сақтауға;
✅ Брайль дисплейін, құлаққаптарды және қосымша құрылғыларды қосуға мүмкіндік береді.

👥 Сонымен қатар қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес аталған техникалық оңалту құралымен қамтамасыз етуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер түсіндірілді.

💬 Кеңес барысында қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты түсіндірмелер берілді.

📌 Кеңес қорытындысы бойынша келесі тапсырмалар берілді:
1️⃣ Азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға уақтылы және негізді жолдауды бақылауды күшейту.
2️⃣ Медициналық құжаттарды сапалы рәсімдеу бойынша дәрігерлердің дербес жауапкершілігін қарастыру және анықталған кемшіліктер бойынша тиісті шаралар қабылдау.

🤝 Медициналық ұйымдар мен медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің өзара тиімді ынтымақтастығы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, сараптамалық бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етуге және азаматтардың оңалту шараларын уақытылы алуына мүмкіндік береді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1258811?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version