
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу барысында санитарлық ағаш кесу, шағын аудан аумағындағы тазалық пен қоғамдық тәртіп, сондай-ақ шағын жөндеуді қажет ететін нысандар талқыланды. Бұдан бөлек, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйіне қатысты мәселелер де қарастырылды.
Тұрғындар көтерген барлық ұсыныстар назарға алынып, алдағы жұмыс жоспарына енгізіледі.
Белсенділік танытып, сындарлы пікір білдірген тұрғындарға алғысымызды білдіреміз.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-medeu/press/news/details/1251504?lang=ru

Добавить комментарий