Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин 30 маусым күні «Самал-2» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Кездесу барысында санитарлық ағаш кесу, шағын аудан аумағындағы тазалық пен қоғамдық тәртіп, сондай-ақ шағын жөндеуді қажет ететін нысандар талқыланды. Бұдан бөлек, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйіне қатысты мәселелер де қарастырылды.

Тұрғындар көтерген барлық ұсыныстар назарға алынып, алдағы жұмыс жоспарына енгізіледі.

Белсенділік танытып, сындарлы пікір білдірген тұрғындарға алғысымызды білдіреміз.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-medeu/press/news/details/1251504?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version