Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА 500 АДАМ ҚАТЫСТЫ
📍Жетісай ауданына қарасты Абай ауылдық округі аумағындағы К-30 каналының бойында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекеннің көркеюіне үлес қосу мақсатында өткен шараға 500-ге жуық адам қатысты.
▪️Сенбілік барысында канал бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, аумақтың санитарлық жағдайы жақсартылды. Сонымен қатар акция аясында 2000 түп көшет отырғызылып, елді мекеннің жасыл желегін арттыру бағытында маңызды жұмыстар атқарылды.
▪️Аталған шараға ауыл тұрғындары, жастар, мекеме қызметкерлері мен еріктілер белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау – баршаның ортақ міндеті екенін тағы бір мәрте көрсетті. Осындай игі бастамалар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындар арасында табиғатқа деген жанашырлық көзқарасты қалыптастыруға өз үлесін қосуда.
▪️Алдағы уақытта қала, кент, барлық ауылдық округтерде санитарлық тазалықты сақтау және елді мекен аумағын көгалдандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1187595?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *