ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА 500 АДАМ ҚАТЫСТЫ
Жетісай ауданына қарасты Абай ауылдық округі аумағындағы К-30 каналының бойында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекеннің көркеюіне үлес қосу мақсатында өткен шараға 500-ге жуық адам қатысты.
Сенбілік барысында канал бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, аумақтың санитарлық жағдайы жақсартылды. Сонымен қатар акция аясында 2000 түп көшет отырғызылып, елді мекеннің жасыл желегін арттыру бағытында маңызды жұмыстар атқарылды.
Аталған шараға ауыл тұрғындары, жастар, мекеме қызметкерлері мен еріктілер белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау – баршаның ортақ міндеті екенін тағы бір мәрте көрсетті. Осындай игі бастамалар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындар арасында табиғатқа деген жанашырлық көзқарасты қалыптастыруға өз үлесін қосуда.
Алдағы уақытта қала, кент, барлық ауылдық округтерде санитарлық тазалықты сақтау және елді мекен аумағын көгалдандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.
Добавить комментарий Отменить ответ