ЖАҢАРУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 500 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жаңару күні қарсаңында Отырар ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы бағыттағы игі бастамалардың бірі ретінде аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы мен «Заречное» АҚ өкілдері, аудан ардагерлері, студенттер және белсенді жастармен бірге Д. Құрманбеков атындағы №20 кәсіптік колледж аумағында ағаш отырғызу акциясына қатысты.

Шара барысында колледж аумағына жалпы саны 500 түп жеміс ағашының көшеттері егілді. Атап айтқанда, 60 дана алхоры, 60 дана шие (гигант), 60 дана сары өрік, 30 дана шабдалы, 30 дана алмұрт, 120 дана алма, 60 дана шие (шпанка), 30 дана лимон, 30 дана анар және 20 дана айва көшеттері отырғызылды.
Бұл бастама қоршаған ортаны қорғау, табиғи тепе-теңдікті сақтау және жасыл желекті көбейтуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Қатысушылар табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет екенін атап өтіп, көгалдандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін жеткізді.
Аға буын мен жастардың бірлескен еңбегі көпшілікке үлгі болып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыра түсті.

Жалпы, аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан мұндай бастамалар өңірдің көркеюіне, экологиялық ахуалдың жақсаруына және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қоса береді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1184666?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version