ОТЫРАРДА СУАРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Отырар ауданында ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында алдағы суару маусымына дайындық жұмыстары жүйелі әрі жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Аудан әкімінің Қайрат Жолдыбайұлының тапсырмасына сәйкес, барлық жұмыстар қатаң қадағаланып, сапалы орындалуына ерекше көңіл бөлінуде.

Аудан әкімдігі мен «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы арасындағы келісім аясында аудан аумағындағы каналдарды тазалау және ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 62,7 шақырымды құрайтын 18 канал бойынша механикалық тазалау жұмыстары қолға алынып, 7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылды. Қазіргі таңда жоспардың 57 пайызы орындалды.

Сонымен қатар, су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында нақты жұмыстар да атқарылуда. Ақтөбе ауыл округіндегі ұзындығы 3,4 шақырымдық «Ақарық» каналы толық бетондалды. Қоғам ауыл округіндегі 5 шақырымдық «Серібек» каналында бетондау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ал «Алтынбеков» каналының 10,7 шақырымдық бөлігін бетонмен қаптау жұмыстары жақын арада басталады.

Жалпы атқарылып жатқан шаралар егістік алқаптарын уақытылы және сапалы сумен қамтамасыз етуге, су ресурстарын тиімді басқаруға, ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға бағытталған. Аудан әкімдігі тарапынан бұл жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты қадағалауда болып, кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1184667?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version