“Жаңа мектепке жаңашыл ұстаз” жас педагогтердің VIII Республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті!

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін ауданымызда АБББ ұйымдастыруымен жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және кәсіби шеберліктерін жетілдіруге бағытталған маңызды іс-шара өтті. Байқаудың басты мақсаты – жас педагогтердің инновациялық идеяларын іздеуге ынтасын арттыру және олардың жетістіктерін педагогикалық қауымға таныстыру. 📚
🔹Қатысушыларымыздың білім беру саласындағы жаңа тәсілдер мен идеяларды көрсету үшін үш тур бойынша бақтарын сынады:
1️⃣ «Шығармашылық жолдың бастамасы» – өзін-өзі таныстыру, мамандыққа деген көзқарас пен шығармашылық мүмкіндіктерін көрсету.
2️⃣ «Заманауи сабақ» – бейтаныс сыныпта сабақ өткізу, педагогтың шеберлігі мен жаңашылдығын таныту.
3️⃣ «Адал азамат» – азаматтық және құндылықтық бағдарларды ықпалдастыру.
🔹Барлық қатысушылар өздерінің шеберліктерін ортаға салып, байқау соңында үздік деп танылған педагогтер аудандық білім беру бөлімінің дипломдары және сертификаттарымен марапатталды. 🏆✨
Бұл байқау жас ұстаздардың ынталануына, шығармашылығын дамытуға және педагогикалық қызметке деген сүйіспеншілігін арттыруға зор мүмкіндік берді! Облыстық кезеңге жолдама алған әріптесті құттықтаймыз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/1177940?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *