“Жаңа мектепке жаңашыл ұстаз” жас педагогтердің VIII Республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті!

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін ауданымызда АБББ ұйымдастыруымен жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және кәсіби шеберліктерін жетілдіруге бағытталған маңызды іс-шара өтті. Байқаудың басты мақсаты – жас педагогтердің инновациялық идеяларын іздеуге ынтасын арттыру және олардың жетістіктерін педагогикалық қауымға таныстыру.
Қатысушыларымыздың білім беру саласындағы жаңа тәсілдер мен идеяларды көрсету үшін үш тур бойынша бақтарын сынады:
«Шығармашылық жолдың бастамасы» – өзін-өзі таныстыру, мамандыққа деген көзқарас пен шығармашылық мүмкіндіктерін көрсету.
«Заманауи сабақ» – бейтаныс сыныпта сабақ өткізу, педагогтың шеберлігі мен жаңашылдығын таныту.
«Адал азамат» – азаматтық және құндылықтық бағдарларды ықпалдастыру.
Барлық қатысушылар өздерінің шеберліктерін ортаға салып, байқау соңында үздік деп танылған педагогтер аудандық білім беру бөлімінің дипломдары және сертификаттарымен марапатталды.
Бұл байқау жас ұстаздардың ынталануына, шығармашылығын дамытуға және педагогикалық қызметке деген сүйіспеншілігін арттыруға зор мүмкіндік берді! Облыстық кезеңге жолдама алған әріптесті құттықтаймыз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/1177940?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version