100-ге жуық байқаушы қатысады
Орталық референдум комис¬сиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ТМД Байқаушылар миссиясы штабының басшысы Евгений Козякпен кездесті. Жүздесуде алдағы референдумға дайындық барысы, ұйымдастырудағы құқықтық мәселелер, халық¬аралық байқаушылардың қызметін қамтамасыз ету тетіктері талқыланды.
Кездесуге ОРК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман, ОРК мүшесі Михаил Бортник, ТМД Атқару комитетінің кеңесшісі Олег Кулеба да қатысты. Жиында Нұрлан Әбдіров миссия басшылығын 15 наурызға тағайындалған референ¬дум учаскелерінің инфрақұ¬ры¬лымын өзектендіру жұмыстары аяқталғанын атап өтті.
Толығырақ https://egemen.kz/article/407630-100-ge-dguyq-bayqaushy-qatysady
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shalkar/press/news/details/1168805?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ