МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ЕЛУ ЖЕТІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Күн тәртібі бойынша мәслихат төрағасы Әлихан Қуатбеков Қосшы қаласы мәслихатының атқарған жұмысы, оның 2025 жылғы тұрақты комиссиялары қызметінің есебі туралы баяндама жасап, өткен жылы депутаттық корпус өкілдерінің атқарған жұмысы туралы мәлімет берді.

2025 жыл қаламыздың дамуы жолында оң өзгерістерге толы жыл болды. Көптеген қосшылықтар жаңа баспанаға ие болып, айтулы әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Қаламызға газ беру жұмыстары басталды. Жолдарымыз түзеліп, көшелеріміз көркейіп келеді. Абаттандыру жұмыстары аясында жаңа балалар алаңы, футбол алаңы салынды. Бұл жұмыс 2026 жылы да жалғасатын болады.

Мәслихат депутаттары тұрғындар тарапынан қойылатын шағым, тілектерді әрдайым назарда ұстай отырып жұмыс жасап келеді. Тек, 2025 жылдың өзінде парламентке, облыстық басқармаларға, қала әкіміне, әкімнің орынбасарларына, құзырлы органдарға, әкімшіліктің түрлі бөлімдеріне және т.б. мекемелерге 90 депутаттық сауал жолданып, оның 90%-на жауап берілген. Барлық депутаттық сауалдардың 70% бойынша нақты шешім қабылданған.

Сессия аясында Қосшы қаласының инфрақұрылым мәселелеріне қатысты атқарылған жұмыстар туралы да мәлімет берілді. Электр желілерін, жылу қазандығын жаңғырту, судың сапасын арттыру сияқты тұрғындарымыз үшін өзекті мәселелер бойынша жұмыс кешенді түрде жалғасады. Мәслихат депутаттары сайлауалды бағдарламаларын орындау мақсатында атқарушы орган өкілдерімен, қоғамдық кеңес мүшелерімен және қоғам белсенділерімен өзара ынтымақтастықта жұмыс жасай бермек. Ынтымағы жарасқан елге ғана бақ қонады. Қаламыз гүлденіп, көркейе берсін!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1164765?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *