
Мәслихат төрағасы Ә.Қуатбеков ашқан сессияға Ақмола облыстық мәслихатының депутаты А.Төребаев, қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібі бойынша бірқатар маңызды мәселе қаралды. Олардың қатарында –
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия құрамына өзгерістер енгізу;
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы комиссиялар құрамының жаңартылуы;
Су тасқынына қарсы дайындық мәселесі көтеріліп, алдын алу шараларының сапасы мен дер кезінде орындалуы туралы;
Қаламыз бен Тайтөбе ауылының жолдарын қысқы күтіп ұстау, көшелерді тазалау жұмыстары талқыланды.
Бұл мәселелердің барлығы – Қосшы қаласының тұрақты дамуы мен тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды бағыттар екені сөзсіз. Әр сұрақ бойынша бөлім басшылары мәлімет беріп жұмыстың атқарылуы туралы баяндады. Өз кезегінде депутаттық корпус өкілдері жас қаланың жарқын болашағын қалыптастыру, тұрғындар үшін жайлы қала жасау мақсатында атқарылып жатқан шаруалар турлы сауалдарын қойып, жауап алды. Отырыс соңында сессияның шешімі қабылданды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1164764?lang=kk

Добавить комментарий