Республикалық халықтық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Қаланұлы Арубаев бастаған жұмысшы топ Жаңа Конституция жобасы бойынша 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумды қолдау мақсатында түсіндіру кездесуін өткізді.

Опубликовано:

Автор:

в категории

Республикалық халықтық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Қаланұлы Арубаев бастаған жұмысшы топ Жаңа Конституция жобасы бойынша 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумды қолдау мақсатында түсіндіру кездесуін өткізді. Іс-шара барысында референдумның маңызы, ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұны және оның азаматтар құқықтарын қорғаудағы рөлі кеңінен баяндалды.

Кездесу Қаратау қаласындағы Казфосфат ЖШС Шолақтау ТКӨК ұжымымен және Talas Investment Company қызметкерлерімен өтті. Жиын барысында қатысушылар өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Мамандар тарапынан Конституция жобасындағы негізгі нормалар мен жаңашыл бағыттар нақты түсіндірілді.

Мұндай кездесулер халықты маңызды саяси науқан туралы ақпараттандыруға, құқықтық мәдениетті арттыруға және азаматтардың белсенді қатысуына серпін береді. Түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да түрлі еңбек ұжымдары мен ұйымдарда жалғасады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1164142?lang=kk

Exit mobile version