16 ақпан күні Конституциялық реформаны қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб делегациясы Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Талас ауданы, Қаратау қаласындағы Балалар өнер мектебінде қала тұрғындарымен кездесу өткізді.

Опубликовано:

Автор:

в категории

 

16 ақпан күні Конституциялық реформаны қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб делегациясы Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Талас ауданы, Қаратау қаласындағы Балалар өнер мектебінде қала тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Қаланұлы Арубаев бастаған жұмысшы тобы мүшелері, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаев, партия ардагері, ақын Үміт Қыранқызы Битенова, облыстық мәслихат депутаттары Жұмахан Мұқашұлы Танкеев пен Айтбала Әбухасқызы Жлмақанова, Талас аудандық мәслихатының төрағасы Қадірбек Рысқұлбекұлы Садубаев және Талас аудандық халықтық штабтың төрағасы Докторбек Манатбекұлы Маселбеков қатысты.

Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес пен ардагерлер кеңесінің мүшелері де жиынға қатысып, өз пікірлерін білдірді. Кездесуді Қадірбек Рысқұлбекұлы Садубаев жүргізіп, қатысушыларды жұмысшы топ мүшелерімен таныстырды.

Жиын барысында Сенат депутаты Сәкен Қаланұлы Арубаев пен жұмысшы топ өкілдері жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын кеңінен түсіндіріп, енгізілетін толықтырулар мен өзгерістерге тоқталды.

Сөз алған партия ардагері Ілес Нұрұлы, білім саласының қызметкері А.С. Тұрыспенбетова және мәдениет саласының өкілі Ш.Ш. Жұмабекова Ата заңға енгізілетін өзгерістер бойынша ойларын ортаға салып, жаңа Конституция жобасын қолдап, 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумға қатысып, дауыс беруге шақырды.

Жаңа Конституцияның қабылдануы Қазақстанда әділетті, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға берік негіз қалайды. Бұл реформалар елдің тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және болашақ ұрпақ үшін жауапты мемлекет қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1164143?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version