Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТӨЛЕБИДЕ ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ 2500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ
🇰🇿 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Төлеби ауданында жалпыаудандық сенбілік өтті.
✅ Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың бастамасымен Кемеқалған ауылдық округінде сенбілік ұйымдастырылды. Оған аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы, аудан әкім аппаратының басшысы Амалбек Өміртай және мамандар белсене қатысты.
✅ Нәтижесінде ауылдық округ аумағына кіре беріс қақпадан Ақбастау мен Ұйымшыл елді мекеніне баратын жолдар, жалпы 12 км жол күл-қоқыстан тазартылды. Леңгір қаласы мен Киелітас ауылдық округі де техникалық көмек көрсетті.
✅ Жалпы сенбілікке 2455 адам қатысып, 26 техника көмегімен 18,5 тонна күл-қоқыс арнайы орынға шығарылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1089474?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *