«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТӨЛЕБИДЕ ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ 2500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Төлеби ауданында жалпыаудандық сенбілік өтті.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың бастамасымен Кемеқалған ауылдық округінде сенбілік ұйымдастырылды. Оған аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы, аудан әкім аппаратының басшысы Амалбек Өміртай және мамандар белсене қатысты.
Нәтижесінде ауылдық округ аумағына кіре беріс қақпадан Ақбастау мен Ұйымшыл елді мекеніне баратын жолдар, жалпы 12 км жол күл-қоқыстан тазартылды. Леңгір қаласы мен Киелітас ауылдық округі де техникалық көмек көрсетті.
Жалпы сенбілікке 2455 адам қатысып, 26 техника көмегімен 18,5 тонна күл-қоқыс арнайы орынға шығарылды.
Добавить комментарий Отменить ответ