Департаментпен бекітілген «Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы бүгінгі аудандағы іс сапары барысындағы кезекті кездесуін Жетісай ауданына қарасты кәсіпорын басшыларының қатысуымен ұйымдастырды.
Кездесуге Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Райымбеков Нұрлан Кеттешұлы, “Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша “Халық-Life” еншілес компаниясы” АҚ-ның Шымкент қаласындағы филиалының ресми өкілі Керімбек Мөлдір Саянқызының және ауданға қарасты кәсіпорын басшылары қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының маңыздылығын түсіндіру.
Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мұхтар Өтегенұлы өндіріс орындарында қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру – еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрілген қызметкердің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында, жұмыс берушілерге аннуитеттік сақтандыру шартын жасау қажеттілігін атап өтіп, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақының есептелетін мөлшеріне де түсіндірме беріп өтті.
Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторы жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы 2-тармағына сәйкес, салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштерін атап өтті.
Кездесу соңында кәсіпорын иелері тарапынан міндетті сақтандыру шарттары мәселесіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша кәсіпорын иелерін бірлесе іс-шаралар атқаруға шақырды.
Добавить комментарий Отменить ответ