ШАРДАРАЛЫҚТАР ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ ЖАРЫСЫНДА ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
2025 жылғы 26 шілде күні Түркістан қаласында шағын футболдан “Ақ бидай” республикалық ауыл спорты ойындарының Түркістан облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Жарысқа облыс көлеміндегі ауылдық округтер мен қалалардан келген үздік командалар қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жоғары деңгейдегі бәсекеде Шардара ауданының намысын қорғаған «Шардара» командасы қарсыластарынан оқ бойы озып, 1-орын иеленді.
Бұл жеңіс – аудан спортшыларының тынымсыз еңбегі мен бірлігінің нәтижесі.
Команда мүшелерін және жаттықтырушылар құрамын шын жүректен жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы республикалық кезеңде де сәттілік серік болсын деп тілейміз!
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1041259?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *