«ОЮЛЫ ҚОРЖЫН – ҰЛТТЫҚ МҰРА» ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
2025 жылдың 25 шілдесінде «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Оюлы қоржын – ұлттық мұра» атты тәжірибе алмасу шарасы өткізілді. Іс-шара ұлттық қолөнерді насихаттау, ата-бабадан қалған мұраны сақтау және оны жас ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған шара барысында орталықтың қызмет алушы апа-әжелері бас қосып, қоржын тігу өнері туралы өзара пікір алмасты, білген-түйген тәжірибелерімен бөлісті. Шеберлер заманауи сән мен ұлттық нақышты ұштастыра отырып, оюлы қоржын жасаудың қыр-сырын ортаға салды.
Қоржын — қазақ халқының көне бұйымдарының бірі. Ол көшпелі өмір салтына бейімделіп, жүк немесе азық-түлік тасуға арналған, екі бөлек қапшықтан тұратын мата немесе теріден тігілетін дорба. Бүгінде қоржын ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен, жылтырақ тастармен сәнделіп, той-жиындарда кәде-сый ретінде кеңінен қолданылуда.
Оюлы қоржын – тек тұрмыстық бұйым емес, ол – халқымыздың мәдени коды, ананың ыстық алақаны мен шебердің сырлы қолынан шыққан рухани дүние.
Мұндай тәжірибе алмасу шаралары — ұлттық өнердің үзілмей, ұрпақтан-ұрпаққа жетуіне, жас буынның бойында ұлттық рух пен құндылықты қалыптастыруға үлкен үлес қосатыны анық.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызмет

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1041258?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *