🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: АРЫЗ ИЕСІНЕ ЕҢБЕК КОДЕКСІ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
📌 2025 жылдың 17 шілдесінде Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы Департаментке келіп түскен арызға байланысты Жетісай ауданында орналасқан Жетісай ауданы әкімдігінің “Жетісай қызмет” КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
📌 Жүргізілген тексеру нәтижесімен таныстыру және орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мұхтар Өтегенұлы мекеме ұжымымен кездесу ұйымдастырып, еңбек ұжымына және арыз иесіне ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы “Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері”, осы кодекстің 53-бабы “Еңбек шартының жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу тәртібі” және т.б. бірқатар бабтарға сәйкес түсіндірме берді.
 
📌 Сонымен қатар, арыз иесі тарапынан еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңдылықтарына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1036096?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *