2025 жылдың 17 шілдесінде Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы Департаментке келіп түскен арызға байланысты Жетісай ауданында орналасқан Жетісай ауданы әкімдігінің “Жетісай қызмет” КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Жүргізілген тексеру нәтижесімен таныстыру және орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мұхтар Өтегенұлы мекеме ұжымымен кездесу ұйымдастырып, еңбек ұжымына және арыз иесіне ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы “Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері”, осы кодекстің 53-бабы “Еңбек шартының жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу тәртібі” және т.б. бірқатар бабтарға сәйкес түсіндірме берді.
Сонымен қатар, арыз иесі тарапынан еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңдылықтарына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Добавить комментарий Отменить ответ