ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР МЕН АРДАГЕРЛЕР САНАТОРЛЫҚ-САУЫҚТЫРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ

Опубликовано:

Автор:

в категории
2025 жылы Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан жекелеген санаттағы азаматтарды сауықтырумен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, басқармаға бағынысты «Ардагерлер үйі» мен «Мейір демалыс үйіне» зейнеткерлер мен ардагерлерді сауықтыруға 320 жолдама бөлінді. Оның ішінде:
• 160 жолдама – «Ардагерлер үйіне»;
• 160 жолдама – «Мейір демалыс үйіне».
Бұдан бөлек, Шардара аудандық бюджет қаражаты есебінен тағы 450 жолдама қарастырылды.
Осылайша, Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тарапынан ағымдағы жылы жалпы саны 770 азаматты санаторлық-курорттық емдеумен қамту көзделген. Бүгінгі күнге дейін 426 зейнеткер мен ардагер тиісті демалыс және сауықтыру орындарына жолданды.
Бұл шаралар ардагерлер мен қарт азаматтардың өмір сүру сапасын арттырып, денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қолдау тетіктерінің бір бөлігі болып табылады. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1035728?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version