САРЫ ҚАҒАЗ СӨЙЛЕЙДІ: МУЗЕЙ ҚОРЫ АСА ҚҰНДЫ ҚҰЖАТПЕН ТОЛЫҚТЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Шардара аудандық музейі қорын толықтыру мақсатында тарихи құндылығы жоғары ерекше құжат табылды. Бұл екі беттен тұратын архивтік материалдың, өкінішке қарай, тек екінші беті ғана сақталған.
Сақталған құжатта Шардарақұрылыс басқармасы мен Қызылордаводстрой мекемесі арасындағы социалистік жарысқа шақыру жайлы мәлімет берілген. Яғни, бұл — сол кезеңдегі өндірістік ынтымақтастық пен бәсекелестіктің айғағы іспетті тарихи дерек.
Құжатқа танымал тұлғалар – Шардарақұрылыс басқармасы бастығының орынбасары Герман Те мен партком хатшысы, елге белгілі Әбдікерім Ахметов қол қойған. Сонымен қатар, төменгі бөлігінде Постройком төрағасы И.Шевченконың да қолы көрсетілген.
Аталған құжат аудан тарихындағы құрылыс саласының даму жолынан сыр шертеді. Бұл тек өндірістік құжат қана емес, сол кездегі ұйымдастырушылық, басқарушылық құрылымның айқын көрінісі.
Музей мамандары алдағы уақытта осы құжаттың бірінші бетін немесе оған қатысты өзге де материалдарды іздестіру жұмыстарын жалғастыратын болады.
Өткенін құрметтеген ел – болашағына сеніммен қарайды
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1035729?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version