
ЕҢБЕК АДАМЫ: РАЙХАН СЕРІМБЕТОВА
Халқымызда «Еңбек адамды- шыңдайды» деген нақыл сөздің мәнісін адал еңбегінің арқасында абыройға кенелгендер жақсы ұғынады. Жерлесіміз – Райхан Серімбетова да сондай парасатты жандардың бірі де бірегейі. Ол 1966 жылдың 7 желтоқсанында Шардара ауданы Восход ауылында дүниеге келген. 1973-1983 жылы ауыл орта мектебін бітірген. 1983-1985 жылдары аралағында жұмысшы болып жұмыс атқарған. 1985-1988 жылы аралығында Ленгір медициналық училищесінде акушерка бөлімінде білім алған. Алғашқы еңбек жолын 1988 жылы Шардара аудандық перзентханасында акушер болып бастаған. 1989 жылы Сайрам ауданы Жібек Жолы ауылына тұрмысқа шығып, еңбек жолын сонда жалғастырып елге қызмет атқарып келеді. 1989-1994 жылдары аралығында Сайрам аудандық перзентханасында акушер болып жұмыс атқарған. 1994 жылы бастап Жібек Жолы дәрігерлік амбулаторясында телімдік акушер қызметін атқарып келеді. Еңбек жолында 35 жылдан аса қызмет жасап, 5 мыңнан аса нәрестені дүниеге келтірген. 2024 жылы үздік медицина қызметкері төсбелгісімен марапаталған .
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1014256?lang=kk
Добавить комментарий