
Бүгін 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі Рәміздер алаңында салтанатты іс-шара өтті.
Патриоттық шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, ардагерлер, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, жастар мен мекеме қызметкерлері қатысты.
Мемлекеттік Әнұран орындалып, рәсім салтанатты түрде ашылды. Аудан әкімінің орынбасары құттықтау сөз сөйлеп, рәміздерге құрмет білдіру – әр азаматтың парызы екенін атап өтті.
Іс-шара барысында жас мемлекеттік қызметшілер халыққа адал қызмет етуге ант беріп, бірқатар сала мамандары Мемлекеттік рәміздер күніне орай аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының патриоттық әндерімен жалғасып, қатысушыларға ерекше рух пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1014255?lang=kk
Добавить комментарий