
2024 жылдың 25–30 мамыр аралығында Алматы қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен халықаралық кәсіби шеберлік байқауында «Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі бойынша:
🥉 III орын – Абуов Даниярбек Исатаевич,
Жаңақала колледжінің өндірістік оқыту шебері!
Байқауға бірнеше елдің қатысушылары жиналып, өз кәсіби шеберліктерін көрсетті. Осындай ауқымды додада өңір намысын қорғап, үздік үштікке енген Даниярбек Исатаевичтің бұл жетістігі – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің сапасы мен әлеуетінің дәлелі!
👏 Құттықтаймыз! Жаңа биіктер мен табыстар тілейміз!
#Жұмысшымамандықтаржылы
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1009108?lang=kk

Добавить комментарий