Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚ АЗАМАТТАР БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ
✔️Сауран ауданына қарасты Құмтүйін елді мекенінде «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» атты игі іс-шара өтті. Ауданның 2005 жылғы мектеп түлектері бірігіп, бір отбасыға тұрғын үй салып берді. Қайырымды азаматтардың бұл бастамасы көпке үлгі бола білді.
✔️Аталған шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов арнайы қатысып, игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыстарын жеткізді.
✔️– Қазақ халқы «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Бүгінгі игі іс – соның айқын дәлелі. Бірлік пен жанашырлық – елдігіміздің негізгі тірегі. Сіздердей жүрегі кең, жомарт азаматтардың арқасында ауданымызда осындай сауапты істер жалғасып келеді. Бұл тек бір отбасыға берілген баспана емес, қоғамдағы ізгіліктің көрінісі, – деп атап өтті аудан басшысы.
✔️Баспананың толық салынып, жабдықталуына белсенді атсалысқан азаматтарға аудан басшысы Алғыс хаттар табыстады.
✔️Айта кетейік, бұл бастама 2024 жылы қолға алынып, алғашқы баспана берілсе, биыл – тағы бір отбасы қоныс тойын тойлап отыр. Жобаны жүзеге асырып жүрген азаматтар қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————-
ТУРКЕСТАН: САУРАНЦЫ ВРУЧИЛИ КЛЮЧИ ОТ ЖИЛЬЯ ОДНОЙ СЕМЬЕ
✔️В населенном пункте Құмтүйін Сауранского района прошло благотворительное мероприятие. Выпускники районной школы 2005 года объединились и построили жилье для одной семьи. Эта инициатива стала примером для многих.
✔️В церемонии вручения ключей приняли участие аким района Максат Тангатаров, депутат Туркестанского областного маслихата Баймахан Сулейменов. Они поблагодарили всех, кто был инициатором этого дела.
✔ ️- Казахский народ говорит: “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын”. Сегодняшнее доброе дело – яркое тому подтверждение. Единство и сострадание – основа нашей страны. Благодаря таким щедрым гражданам, как вы, в нашем районе продолжаются такие инициативы. Это не просто построенное жилье, а проявление истинной добродетели, – отметил глава района.
✔️Всем, кто принимал активное участие в строительстве и обустройстве жилья, глава района вручил благодарственные письма.
✔️Отметим, такая инициатива была начата в районе в прошлом году, когда было предоставлено первое жилье нуждающимся сельчанам. В этом году новоселье отметила еще одна семья. Граждане, реализующие проект, отметили, что благотворительная акция будет продолжена.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1005852?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *