ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚ АЗАМАТТАР БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ
Сауран ауданына қарасты Құмтүйін елді мекенінде «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» атты игі іс-шара өтті. Ауданның 2005 жылғы мектеп түлектері бірігіп, бір отбасыға тұрғын үй салып берді. Қайырымды азаматтардың бұл бастамасы көпке үлгі бола білді.
Аталған шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов арнайы қатысып, игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыстарын жеткізді.
– Қазақ халқы «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Бүгінгі игі іс – соның айқын дәлелі. Бірлік пен жанашырлық – елдігіміздің негізгі тірегі. Сіздердей жүрегі кең, жомарт азаматтардың арқасында ауданымызда осындай сауапты істер жалғасып келеді. Бұл тек бір отбасыға берілген баспана емес, қоғамдағы ізгіліктің көрінісі, – деп атап өтті аудан басшысы.
Баспананың толық салынып, жабдықталуына белсенді атсалысқан азаматтарға аудан басшысы Алғыс хаттар табыстады.
Айта кетейік, бұл бастама 2024 жылы қолға алынып, алғашқы баспана берілсе, биыл – тағы бір отбасы қоныс тойын тойлап отыр. Жобаны жүзеге асырып жүрген азаматтар қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————-
ТУРКЕСТАН: САУРАНЦЫ ВРУЧИЛИ КЛЮЧИ ОТ ЖИЛЬЯ ОДНОЙ СЕМЬЕ
В населенном пункте Құмтүйін Сауранского района прошло благотворительное мероприятие. Выпускники районной школы 2005 года объединились и построили жилье для одной семьи. Эта инициатива стала примером для многих.
В церемонии вручения ключей приняли участие аким района Максат Тангатаров, депутат Туркестанского областного маслихата Баймахан Сулейменов. Они поблагодарили всех, кто был инициатором этого дела.
️- Казахский народ говорит: “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын”. Сегодняшнее доброе дело – яркое тому подтверждение. Единство и сострадание – основа нашей страны. Благодаря таким щедрым гражданам, как вы, в нашем районе продолжаются такие инициативы. Это не просто построенное жилье, а проявление истинной добродетели, – отметил глава района.
Всем, кто принимал активное участие в строительстве и обустройстве жилья, глава района вручил благодарственные письма.
Отметим, такая инициатива была начата в районе в прошлом году, когда было предоставлено первое жилье нуждающимся сельчанам. В этом году новоселье отметила еще одна семья. Граждане, реализующие проект, отметили, что благотворительная акция будет продолжена.
Добавить комментарий Отменить ответ