
Сіздерді, мамыр айының екінші жартысынан бастап шілде айының алғашқы онкүндігіне дейін (жер үсті бүріккіш және жеңіл ұшақ техникаларымен) зиянды шегірткелер шоғырланып, таралған аумақтарға пестицидтермен химиялық өңдеу жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.
Пестицидтер қауіпті заттар болып табылады және қолданылу регламенттері мен қауіпсіздік техникасын сақтамаған жағдайда қоршаған орта мен адамның денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Төмендегі ұсыныстарды қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!
Жалпы ұсыныстар: Өңдеу басталғанға дейін:
– Пестицидтердің үй-жайларға кірмеуін қамтамасыз ету үшін барлық терезелер мен есіктерді жабыңыз.
– Өңдеу кезінде желдету және кондиционер жүйелерін өшіріңіз.
– Азық-түліктерді, ыдыстарды және жеке гигиена заттарын жабық жерлерге сақтаңыз.
– Кептіріп жатқан киімдерді жинап, ашық ауадағы кір жуу және кептіру машиналарын жабыңыз немесе алып тастаңыз.
– Суды ластамау үшін құдықтар мен басқа су көздерін жабыңыз.
– Көкөніс бақшалары мен басқа пайдалы өсімдіктерді жабыңыз.
– Ара өсірушілерге химиялық өңдеу жүргізілмейтін жерлерге ұяларын көшіруін қамтамасыз ету.
Өңдеу кезінде:
– Өңдеу кезінде үйде болған жөн.
– Өңдеу аймағына жақын серуендеуден аулақ болыңыз.
– Үй жануарларын өңделген жерлерден аулақ ұстаңыз.
– Пестицидтердің әсеріне ұшырауы мүмкін жеке заттарды (ойыншықтар, бақша құралдары, жиһаз) жинаңыз немесе жабыңыз.
– Ара өсірушілерге өңдеу кезінде араларды ұшырмау.
Өңдеуден кейін:
– Өңделген аймақтарға кемінде 72 сағат бойы бармаңыз.
– Терезелер ашық болған жағдайда үйді жақсы желдетіңіз.
– Пестицидтер әсер еткен беттерді, әсіресе тамақ дайындайтын жерлер мен балалардың ойын аймақтарын жақсылап жуыңыз.
– Өңделген беттермен байланыстан кейін қолыңызды және бетіңізді мұқият жуыңыз.
– Өңдеу аймағына жақын құдықтар немесе су қоймаларындағы судың қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз.
– Бал арасына шекаралық-қорғау аумағы 4-5 шақырым, бал – арасының ұшуына 96-120 сағат уақыт болу керектігін ескертеді.
Арнайы сақтық шаралары:
– Жүкті әйелдер, балалар, қарттар сақтық шараларын мұқият орындауы тиіс.
– Аллергиясы және астмасы бар адамдар өңделген аймақтардан аулақ болып, өңдеу мен желдету толық аяқталғанша үйде болуы тиіс.
Маңызды:
Бұл ұсыныстарды орындамау қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Белгіленген сақтық шараларын сақтауыңызды сұраймыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі түсіністігіңіз бен ынтымақтастығыңыз үшін рахмет!
Құрметпен, Іле аудандық аумақтық инспекциясы, Өтеген батыр ауылы, Титов 98,
Өсімдік қорғау инспекторы: Ренат Дыбыс Советбекұлы +7 707 303 77 95 ),
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-mezhdurechensk/press/news/details/991531?lang=kk

Добавить комментарий