Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары түсіндірілді

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін Департаментте Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Қ.Қ.Абишев, Превенция басқармасының офицері Б.Шотовтың қатысуымен кездесу өтті.
 Кездесу барысында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу шаралары талқыланып, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі ескертілді. Қатысушыларға өз қызметтік міндеттерін адал орындауға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік танытуға және құқықбұзушылықтың кез келген фактісі туралы дереу хабарлауға шақырылды.
 Алдын алу шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылып, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасын табады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-ulytau/press/news/details/972027?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *