Өмірзақ Болсамбеков Абай облысы бойынша ҚАЖД ардагерлерімен және жеке құраммен кездесу өткізді.

Опубликовано:

Автор:

в категории

          Абай облысында Ішкі істер министрлігі Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков Абай облысы бойынша ҚАЖД ардагерлерімен және жеке құрамымен кездесу өткізді.

          Іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ кадр саясаты департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Есжан Арыстанов және Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Ғалымжан Балтабаев қатысты.

            Өткізілген кездесудің басты мақсаты – ардагерлермен тәлімгерлік мәселелері бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасау және олардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі құнды тәжірибесін пайдалану.

           Төраға біздің елімізде ІІМ ардагерлеріне тұрақты негізде қажетті қолдау көрсетілетінін, сондай-ақ материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілетінін атап өтті.

            – Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде барлығы 549 ардагер бар, ең үлкен ардагер – 90 жаста, ал ең жасы – 36 жасқа толды, – деді Абай облысы бойынша тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Ахметжанов.

             Департамент бастығы мен ардагерлер төрағасы өткізілген кездесу үшін кеңесшіге алғыс білдіріп, оған зор денсаулық тіледі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/972070?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *