
Ағымдағы жылдың 31 наурыз күні аудандық мәслихаттың кезекті жиырма алтыншы сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі Ескендіров Ерсін Кәдірбекұлы, аудан әкімінің орынбасарлары М.Қайырбеков, Ж.Жұманов, ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары, БАҚ өкілі қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша: «2024 жылғы Ақсуат ауданының бюджеттің орындалуы туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бекбаев Жастілек Нұрахметұлы, «2024 жылы Ақсуат ауданының бюджетінің орындалуы туралы Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының жылдық есебі (қорытынды) бойынша Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Өміртаев Асыл Аманғалиұлы баяндама жасады.
Сессияның күн тәртібі аясында 9 ауылдық округтің әкімдері 2024 жылғы ауылдық округтері бойынша бюджеттің орындалуы туралы есептерін депутаттар назарына ұсынылды.
Ойшілік ауылдық округінің әкімі Маселов Тілек Еркінғазыұлы «Ойшілік ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламаласының орындалуы және атқарған жұмысы туралы» хабарлама жасады.
Аудандағы суармалы жерлерді тиімді пайдалану және көктемгі егіс жұмыстарының дайындығы туралы аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ахметов Серік Таупихұлы хабарлама жасады.
Әртүрлі мәселелер бойынша Ақсуат аудандық мәслихатының төрағасы Оразғалиев Жандос Қанатұлы «Ақсуат аудандық мәслихат төрағасының 2024 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aksuat/press/news/details/967144?lang=kk
Добавить комментарий