2025 жылдың 31 наурыз күні Ақсуат ауданы мәслихатының тұрақты комиссиясы өтті.

Опубликовано:

Автор:

в категории

2025 жылдың 31 наурыз күні  Ақсуат ауданы мәслихатының «Ауыл шаруашылығы, ветеринария, агроөнеркәсіп кешені, шағын және орта бизнес, кәсіпкерлік, құрылыс, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі» және «Депутаттық өкілеттік, этика, заңдылықтар және денсаулық сақтау, әлеуметтік мәселелер, бюджет, экономикалық реформалар жөніндегі» тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісіне аудандық мәслихаттың депутаттары, бөлім басшылары қатысты.

       Тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісінің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Ауылдық аймақтың санитарлық тазалығы мен елді мекенді көркейту жұмыстары туралы» Ақсуат ауылдық округ әкімінің жұмысы туралы Ақсуат ауылдық округінің әкімі Иманбеков Мэлс Бақтығалиұлы хабарлама жасады.

           «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамнан тысқары қалып қоймауы үшін оларға жағдай жасау туралы атқарылған жұмыстары туралы» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжин Мейіржан Тоқтарбекұлы хабарлама жасады.

          Ақсуат ауданы мәслихатының «Ауыл шаруашылығы, ветеринария, агроөнеркәсіп кешені, шағын және орта бизнес, кәсіпкерлік, құрылыс, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі», «Депутаттық өкілеттік, этика, заңдылықтар және денсаулық сақтау, әлеуметтік мәселелер, бюджет, экономикалық реформалар жөніндегі» тұрақты комиссияларының 2024 жылға атқарған жұмыстары туралы есебі туралы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары төрағалары Рахымбаев Дастан Қожақанұлы, Қожахмет Есет Сансызбайұлы баяндамаларын ұсынды.

Аталған мәселелер бойынша бірлескен тұрақты комиссиялар тиісті қаулылар қабылдады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aksuat/press/news/details/967139?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *