
18 наурыз – Қазақстанда Ұлттық киім күні ретінде атап өтілетін ерекше мейрамда құтқарушылардың киімі ұлттық нақыштағы өрнектермен өрілді.
Қазақтың дәстүрлі мәдениетін жаңғыртып, ұлттық киімнің маңыздылығын насихаттауға бағытталған күнде елордалық құтқарушылар мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерінің күні ұлттық киімдерін киюмен басталды.
Қазақ халқының ұлттық киімі – тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Әрбір ою-өрнек, әрбір түйме мен зергерлік бұйым белгілі бір мағынаға ие. Қазақы шапан, камзол, сәукеле, тақия, белбеу мен етік – халқымыздың өмір салты мен эстетикалық талғамын қалыптастыратын мерекеде құтқарушылар шет қалған жоқ.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/960058?lang=kk
Добавить комментарий