ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ – ҰЛТ МҰРАСЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ 18 наурыз күні

Опубликовано:

Автор:

в категории

18 наурыз күні Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Ұлттық киім күні кең көлемде атап өтілді. Бұл ерекше мереке халқымыздың ұлттық мұрасын жаңғыртып, дәстүрлі киім мәдениетінің құндылығын дәріптеуге бағытталды.

Мерекеге орай, Т.Ахтанов атындағы драма театрында көрермен назарына «Ғұмырнама» атты театрландырылған музыкалық қойылым ұсынылды. Қойылымды Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі және көпсалалы «Тарлан» колледжінің білім алушылары сахналады. Қоюшы режиссерлер – Мейірбек Шәкенов пен Сержан Баймұратов.

«Ғұмырнама» қойылымы қазақ халқының әр кезеңдегі ұлттық киімдерінің ерекшеліктерін би, музыка және көркем бейнелер арқылы көрсетіп, көрермендерді халқымыздың тарихи дәуірлеріне саяхат жасатты. Бұл қойылым қазақ халқының өмір салты мен мәдениетінің терең мәнін ашып, ұлттық мұраны ұлықтауға арналды.

Мерекенің басты мақсаты – ұлттық киімнің тек өткеннің жәдігері емес, ұлттың рухани құндылығы екенін көрсету, қазақы киім үлгілерінің әр кезеңдегі ерекшеліктерін насихаттау және оны бүгінгі ұрпаққа жеткізу болды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-karashai/press/news/details/960051?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *