ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев тыл ардагерлерінің отбасына барып, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекелесімен құттықтап шықты.
Аудан басшысы аудан орталығы Абай ауылындағы 98 жастағы тыл ардагері Рахима Галимованың шаңырағында болды. Аудан әкімі сұрапыл соғыс кезінде «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін» деген ұранмен таң сәріден, кеш батқанға дейін қажырлы еңбек етіп, соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қайсарлықпен көтерген тыл еңбеккеріне ізгі лебізін білдіріп, сый-сияпатын табыстады.
Сөз кезегінде Рахима ана мереке қарсаңында арнайы құттықтай келген аудан әкіміне ризашылығын жеткізіп, ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріне абырой тілеп, ақ батасын берді. Айта кетейік, Рахима Галимова 1926 жылы дүниеге келген. 3 баланың анасы. 1986 жылға дейін ауылшаруашылығы саласында еңбек еткен.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981518?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *