Ардақты аналар, қадірлі қыз-келіншектер!

Опубликовано:

Автор:

в категории
Ардақты аналар, қадірлі қыз-келіншектер!
Сіздерді көктемнің көрікті мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ әйелі – ардақты ана, отбасының сақтаушысы болып отыр. Ол дүниеге әкелген перзенттеріне тәлім-тәрбие беру жолында жан жылуымен жүректегі мейрімін аяған емес. Балалар біздің болашағымыз десек, аналарымыз сол жасұрпақтың бойына адалдық, шыншылдық, адамгершілік, имандылық пен отансүйгіштік деген асыл қасиеттерді дарытып жүр.
Ауданымызда өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі-өнеге болып жүрген алтын құрсақты аналар жеткілікті. Бүгінде өңірімізде көпбалалы аналарымыз 15 мыңға жуықтады. Қазір де елеміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген арулар баршылық. Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткізе отырып, саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша мән беріледі.
Қымбатты ханымдар!
Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт пен қызметтеріңізге сәттілік тілеймін! Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін!
Ізгі ниетпен, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981519?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *