
ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев ауылшаруашылығы саласында маңызды шаралардың бірі ретінде шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізіліп жатқан күрес жұмыстарымен танысты. Жамбыл ауылдық округінің Бекбота ауылына қадам тіреген аудан басшысы дәрілеу жұмыстарын көзден кешіріп, жергілікті шаруалармен кездесті.
Шегіртке зиянкестері ауылшаруашылық дақылдарына айтарлықтай зиян келтіретін табиғи апаттар қатарында саналады. Бұл зиянкестердің таралуы егін шаруашылығына үлкен қауіп төндіріп, өнімділікке кері әсерін тигізеді. Биылғы жылы шегіртке зиянкестерімен күресу үшін алдын ала шаралар қабылданып, қажетті құрал-жабдықтар мен арнайы техникалармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Келес ауданында жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар жергілікті ауылшаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін маңызды қадам болып табылады. Аудан әкімі атқарылған жұмыстардың нәтижелі боларына сенім білдіріп, барлық ауылшаруашылық кәсіпорындары мен шаруаларға қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты.
Айта кетейік, шегірткеге қарсы залалсыздандыру бойынша Келес ауданында 17 сектор белгіленіп, 85 бүрку техникасы бөлінді. 17 жұмысшы топ 123 аспалы бүріккішпен қамтылды. 447 анықтаушы залалсыздандыру шарасына жұмылдырылды.


Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981563?lang=kk
Добавить комментарий