
КЕЛЕСТІК ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР «ҮЗДІК ҰЖЫМ» АТАНДЫ
Келес ауданында зейнеткерлердің белсенді өмір сүруі мен қарттар қоғамына деген құрмет артып келеді. Осы орайда «Қазыналы қария – Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының Ақтөбе ауылдық округі бойынша бөлімшесінің қызмет алушы зейнеткерлері КТК телеарнасының «Кел, шырқайық бағдарламасына қатысып, «Үздік ұжым» атағын иеленді.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы аясында ашылған орталықта салауатты өмір салтын ұстанып, сондай-ақ мәдени іс-шараларға белсенді түрде қатысып жүрген, зейнеткерлер арасында «Мерей» тобы құрылды. «Мерей» тобы» өнерлерін көрсету мақсатында Республикалық КТК телеарнасының «Кел, шырқайық» бағдарламасына өтінім беріп, қатысуға жолдама алды.
Халықтың сүйікті бағдарламасында «Мерей» тобы халық әні «Гүлдер-айым» әнін жанды дауыста орындап, көрерменнің ықласына бөленіп, әділ қазылар алқасының шешімімен үздік орын иеленді.
Айта кетейік, «Кел, шырқайық» бағдарлармасы қарапайым халықтың ішінен шыққан шынайы талантардың танылуына мүмкіндік беретін бағдарлама. Әр аймақтан келетін үш топ өнерлерін көрсетіп, арасынан шыққан ең үздік ұжым атағымен, жобаның кубогы үшін күреседі.


Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981562?lang=kk
Добавить комментарий