Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен және 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Опубликовано:

Автор:

в категории
Құрметті Жерлестер!
Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен және 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл екі маңызды күн еліміздің бірлігі мен ынтымағының символы болып табылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – көпұлтты мемлекетіміздің татулығы мен бейбітшілігінің кепілі, елімізде тұрып жатқан әр түрлі этностар мен ұлттардың достық қарым-қатынастарын нығайтып, бір-біріне деген құрмет пен сенімді арттыруға үлкен үлес қосып келеді.
Ауданымызда 15-тен аса ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Ауданымыздың өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосып, бірлікпен ынтымақта бір шаңырақ астында жергілікті халықпен тығыз байланыста егеменді еліміздің болашағы үшін өмір сүруде.
Алғыс айту күні – біздің еліміздегі барлық азаматтар арасында бір-бірімізге алғыс білдіру, құрмет көрсету, жақсылардың еңбегін бағалау мен халықтар арасындағы достықты нығайту үшін ерекше маңызды күн.
Елімізге, ауданымызға аянбай еңбек етіп жатқан әр-түрлі еңбек адамдарына алғыс айту керек. Мен осында тұрып ауданымыздың өркендеп өсуіне бірлігін ынтымағын сақтауда, жастарды тәрбиелеуде өздерінің ақыл кеңестерін аудан жұртына түсіндіріп жүрген аудан ақсақалдарына ауданымыздың билеріне алғыс айтамын.
Барлық Қазақстандықтарға денсаулық, табыс, бақыт, бейбітшілік пен өркендеу тілеймін. Бірлігіміз бен ынтымағымыз ешқашан бұзылмасын. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Алғыс айту күні құтты болсын!
Құрметпен, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981504?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *